Қытай жаңа жетекшісін жариялаған Иранның ішкі ісіне араласуға қарсы шықты

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/zn0YoEwc9jqRqhzvzO2vUiRLbkdEKpRpfnxmfIY2.jpg

Қытай билігі Иранның ішкі саяси процестеріне сыртқы күштердің араласуына қарсы екенін мәлімдеді. Бұл туралы 9 наурызда Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі Го Цзякунь баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды “Адырна”.

Оның сөзінше, Қытай кез келген елдің ішкі істеріне араласуды қолдамайды және мемлекеттердің егемендігі мен аумақтық тұтастығы құрметтелуі тиіс.

«Қытай қандай да бір сылтаумен басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласуға қарсы. Иранның егемендігі, қауіпсіздігі және аумақтық тұтастығы құрметтелуі қажет», – деді ол.

Бұл мәлімдеме Моджтаба Хаменеидің Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы болып тағайындалуына байланысты айтылған пікірлер мен қауіптерге жауап ретінде жасалды. Қытай тарапы бұл шешімнің Иранның өз Конституциясына сәйкес қабылданғанын атап өтті.

Сондай-ақ Қытай Иранның ішкі саяси жүйесіне қатысты барлық шешімдерді елдің өзі қабылдауы тиіс екенін жеткізді. Ресми Бейжің халықаралық қауымдастықты Иранның тәуелсіздігін және мемлекеттік егемендігін құрметтеуге шақырды.

Бұдан алдын Fox News телеарнасынасындағы сұхбатында АҚШ басшысы Трамп Моджтаба Хаменеидің әкесінің орнына тағайындлғаны туралы  «менің бұған көңілім толмайды» деп мәлімдеген. Айта кетейік, бұған дейін де Трамп Моджтаба Хаменеи Иранның жоғарғы көшбасшысы болуы мүмкін деген ықтималдықты сынға алып, мұндай шешімді «қабылдауға болмайды» деп атаған.

Ал Иранды күнде зымыранмен төмпештеп жатқан Израиль Иранның жаңа жетекшісі бұрынғы жолды ұстанатын болса, "аңдитынын" айтқан. Үлкен Хаменеи Израиль мен батысқа қарсы ымырасыз қатаң бағыт ұстанған саясаткер болды. Ұлы Моджтабаның да әке жолын жалғастыратыны, қатаң ұстанымдағы тұлға екені айтылады. 

댓글
기타 기사