Қазақстан және АҚШ мектептеріндегі балалар тамақтану жүйесі

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/4cOp6jOGIRo0zKvY9lMMSJxAjptpoalgEU6tpH7L.jpg

Халықаралық «Болашақ» бағдарламасының «500 ғалым» ғылыми  жоба  аясында UC Davis университетінде тағылымдамадан өту барысы кезекті Берклидегі Калифорния университетінің (University of California, Berkeley) ғылыми орталығы ұйымдастырған мектептегі балалардың тамақтану жүйесі атты конференциясында болдық.

Бұл іс-шараға журналист, тамақ жүйесі сарапшылары, мектеп жүйесінің өкілі және денсаулық сақтау зерттеушісі мектептегі ультра-өңделген тағамдар мамандары қатысты. 

Негізгі эксперттерге келетін болсақ:

1. Helena Bottemiller Evich — азық-түлік саясаты және тамақ жүйелері туралы жазатын танымал журналист. Ол FoodFix атты ақпараттық платформаның негізін қалаушы және редакторы. Оның жұмыстары көбіне тамақ өндірісі, қоғамдық денсаулық және азық-түлік саясаты мәселелерін зерттеуге бағытталған. Бұл іс-шарада ол модератор ретінде пікірталасты жүргізді.

2. Beth Katz — Food Insight Group ұйымының сарапшысы. Бұл ұйым тамақ жүйесі, тұтынушылардың тамақтану әдеттері және азық-түлік саясаты бойынша зерттеулер жүргізетін маман. Ол тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мен қоғам денсаулығына әсері туралы талдауларымен танымал.

3. Erin Primer — San Luis Coastal Unified School District мектеп округінің өкілі. Ол мектептердегі тамақтану бағдарламаларын ұйымдастыру және оқушыларға арналған пайдалы тағамдарды енгізу мәселелерімен айналысады. Оның тәжірибесі мектеп жүйесінде дұрыс тамақтану бағдарламаларын дамытуға бағытталған.

4. Brian Ronholm— Consumer Reports ұйымының азық-түлік саясаты бойынша директоры. Ол тағам қауіпсіздігі, тұтынушылар құқығы және тамақ өндірісіндегі стандарттарды жақсарту мәселелерімен айналысады. Ronholm мемлекеттік саясат пен тұтынушыларды қорғау саласында үлкен тәжірибеге ие манан.

5. Laura Schmidt— University of California, San Francisco (UCSF) университетінің қоғамдық денсаулық сақтау профессоры. Ол әсіресе қант, тәтті сусындар және ультра-өңделген тағамдардың адам денсаулығына әсерін зерттейді. Оның ғылыми жұмыстары дұрыс тамақтану саясатын дамытуға үлкен үлес қосып келеді екен.

«Бала  - бауыр етің» демекші, ата- ана жұмыста жүргенде мектептегі бала күні бойы немен қоректенеді деген ой маңызды мәселенің бірі. Мектептегі тамақтану балалардың денсаулығы мен оқу үлгеріміне тікелей әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады. Оқушылар күннің көп бөлігін мектепте өткізетіндіктен, олар тұтынатын тағамдардың сапасы олардың физикалық дамуына, зейініне және жалпы өмір салтына әсер етеді. Әлемнің көптеген елдері мектептегі тамақтану жүйесін жетілдіруге ерекше көңіл бөліп келеді. Осы конференция аясында біз Қазақстан мен Америка Құрама Штаттарындағы мектептегі тамақтану жүйелері салыстырылып, олардың ерекшеліктері, артықшылықтары және қазіргі реформалары қарастырып отырған жәйіміз бар.

Қазақстанда мектеп оқушыларына арналған тамақтану жүйесі мемлекет тарапынан қолдау табады. Әсіресе бастауыш сынып оқушылары мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына тегін тамақ беру бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәліметі бойынша, елде 1,7 миллионнан астам оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен шамамен 162 миллиард теңге бөлінеді екен. Қазақстан мектептеріндегі асханаларда көбінесе дәстүрлі тағамдар ұсынылады. Олардың қатарына сорпа, ботқа, күріш, макарон, ет тағамдары, нан және шай жатады. Кейбір мектептерде оқушыларға жеміс-жидек пен сүт өнімдері де беріледі. Алайда мамандар мектеп мәзірінің әртүрлілігін арттыру қажеттігін атап өтеді. Кейбір мектептерде тағам түрлері шектеулі болуы мүмкін, сондықтан балалардың дұрыс әрі теңгерімді тамақтануы үшін көкөністер мен жаңа өнімдерді көбірек енгізу ұсынылады. Қазақстандағы жаңа тамақтану стандарттары бар. Соңғы жылдары Қазақстан мектеп асханаларындағы тамақ сапасын жақсарту бағытында маңызды реформалар жүргізуде. Бұл өзгерістер балалардың денсаулығын қорғау және дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылуда.

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ұсынған жаңа стандарттарға сәйкес:

                             тағамдағы қант мөлшері 3,6 есе қысқартылады

                             тұз мөлшері 5 есе азайтылады

                             көкөніс пен жемістерді пайдалану көбейтіледі

                             сүт өнімдерін тұтыну артады

                             өңделген ет өнімдері мен кейбір жартылай дайын тағамдарға шектеу қойылады. Бұл шаралар балалар арасында семіздік, жүрек-қан тамырлары аурулары және диабет сияқты денсаулық мәселелерінің алдын алуға бағытталған.

Ал, Америка Құрама Штаты мектептеріндегі тамақтану жүйесіне келетін болсақ, мектептегі тамақтану жүйесі ұлттық деңгейдегі бағдарламалар арқылы ұйымдастырылады. Миллиондаған оқушылар күн сайын мектепте таңғы ас және түскі ас ішеді. Америка мектептерінде оқушыларға түрлі тағамдарды таңдау мүмкіндігі беріледі. Асханаларда көбінесе сэндвичтер, тауық еті, пицца, салаттар, сүт, жеміс-жидек және көкөністер ұсынылады. Алайда өткен жылдары мектеп мәзірінде ультра-өңделген тағамдар жиі кездескен. Мұндай тағамдардың құрамында қант, тұз және май мөлшері жоғары болады. Зерттеулер бұл тағамдардың балалардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін екенін көрсетеді. Сол бағытта Калифорниядағы мектеп тамағына енгізілген өзгерістерде жоқ емес.

Америкадағы мектеп тамақтану жүйесіндегі маңызды реформалардың бірі California штатында жүзеге асырылып жатыр. 2025 жылы Assembly Bill 1264 заңы қабылданды. Бұл заң мектеп мәзіріндегі зиянды ультра-өңделген тағамдарды азайтуға бағытталған. Заңға сәйкес, 2035 жылға дейін мектеп асханаларында қолданылатын кейбір зиянды өнімдер толықтай алынып тасталуы жоспарланып отыр. Сонымен қатар, мектептерге жергілікті фермерлерден жаңа өнімдер сатып алуға мүмкіндік беретін Farm to School Incubator Grant Program бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл бағдарламаға мемлекет шамамен 100 миллион доллар қаржы бөлген.

Қазақстан мен Америка мектептегі тамақтану жүйесін дамытуға ерекше назар аударады. Дегенмен олардың ұйымдастыру тәсілдері бір-бірінен ерекшеленеді. Қазақстанда мектеп тағамдары көбінесе дәстүрлі және ыстық тағамдардан тұрады. Көп жағдайда тағамдар мектеп асханасында дайындалады және оқушыларға бірдей мәзір ұсынылады.

Америкада мектеп асханаларында тағам таңдау мүмкіндігі кеңірек. Оқушылар өз қалауы бойынша бірнеше тағам нұсқасының бірін таңдай алады. Алайда бұл жүйеде бұрын өңделген тағамдардың көп болуы белгілі бір мәселелер туғызған.

Соңғы жылдары Америка, әсіресе Калифорния штаты, мектеп мәзірін пайдалы әрі табиғи өнімдермен толықтыруға бағытталған реформаларды жүзеге асыруда. Мектептегі тамақтану жүйесін жетілдіру үшін көптеген елдер жаңа тәсілдерді қолдануда. Болашақта Қазақстан мен Америка келесі бағыттарға назар аударуы мүмкін:

Біріншіден, мектеп мәзіріне көбірек жаңа және табиғи өнімдерді енгізу маңызды. Жергілікті фермерлерден алынатын өнімдер тағамның сапасын жақсартып қана қоймай, ауыл шаруашылығын дамытуға да ықпал етеді.

Екіншіден, оқушылардың дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру қажет. Бұл мақсатта мектептерде тамақтану туралы білім беретін арнайы бағдарламаларды енгізу тиімді болуы мүмкін.

Үшіншіден, мектеп асханаларындағы тағам сапасын тұрақты бақылау маңызды. Санитарлық талаптарды сақтау және тағам қауіпсіздігін қамтамасыз ету балалардың денсаулығын қорғаудың негізгі шарттарының бірі болып табылады.

Америка Құрама Штаттарында мектептегі тамақтану жүйесін жақсарту бағытында маңызды өзгерістер жүргізілуде. Солардың бірі California штатында жүзеге асырылып жатқан реформа болып табылады. 2025 жылы штатта Assembly Bill 1264 атты заң қабылданды. Бұл заң мектеп асханаларында қолданылатын зиянды ультра-өңделген тағамдарды біртіндеп азайтуға бағытталған.

Аталған заң Калифорнияны ультра-өңделген тағамдарды ресми түрде анықтап, оларды мектеп мәзірінен кезең-кезеңімен алып тастауға бағытталған саясат қабылдаған алғашқы штаттардың бірі. Заңға сәйкес, 2035 жылға дейін мектеп асханаларында балалар денсаулығына зиянды деп есептелетін кейбір тағамдар толықтай алынып тасталуы жоспарланып отыр.

Бұл реформаның негізгі мақсаты — оқушылардың денсаулығын жақсарту және дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру. Соңғы жылдары жүргізілген зерттеулер ультра-өңделген тағамдарды көп тұтыну семіздік, жүрек-қан тамырлары аурулары және диабет сияқты аурулардың қаупін арттыратынын көрсеткен. Сондықтан Калифорния билігі мектеп мәзіріне жаңа, табиғи және жергілікті өнімдерді көбірек енгізуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар штат мектептерге жергілікті фермерлерден жаңа өнімдер сатып алуға мүмкіндік беретін арнайы бағдарламаларды да қолдайды. Мұндай саясат мектептегі тамақ сапасын жақсартумен қатар жергілікті ауыл шаруашылығын дамытуға да ықпал етеді.

Мектептегі тамақтану балалардың денсаулығы мен дамуына тікелей әсер ететін маңызды фактор болып табылады. Қазақстан мен Америка мектептерде оқушыларды тамақпен қамтамасыз ету жүйесін қалыптастырғанымен, олардың тәсілдері әртүрлі.

Қазақстанда дәстүрлі ыстық тағамдарға негізделген жүйе кең таралған және мемлекет көптеген оқушыларды тегін тамақпен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар соңғы жылдары тамақ сапасын жақсарту бағытында жаңа стандарттар енгізілуде.

Америкада мектеп асханаларында тағам таңдауы кең болғанымен, соңғы жылдары ультра-өңделген тағамдарды азайту және табиғи өнімдерді көбейту бағытында маңызды реформалар жүзеге асырылуда. Осы өзгерістердің барлығының басты мақсаты — мектеп оқушыларының денсаулығын қорғау және олардың дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру.

UC Davis университеті

Калифорния штаты

«500 ғалым» жобасы бойынша

«Болашақ» бағдарламасының

стипендиаттары

Курманбаева Алмагуль

Тултабаева Тамара

Машанова Нурбиби

댓글
기타 기사