Трамп Иранға қарсы ауқымды соққылармен қорқытты

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/OuaFgS2QGUVN1p44h5lPBxOwJrNSDDGux7mTfOlb.webp

Дональд Трамп Иран келісім шарттарын толық орындамаған жағдайда АҚШ бұрын-соңды болмаған ауқымды әрі күшті соққылар жасайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы президент Truth Social желісіндегі парақшасында жазды.

Трамптың айтуынша, Ормұз бұғазы арқылы еркін және қауіпсіз өту қамтамасыз етіліп, Иран ядролық қаруға қол жеткізуден бас тартуы тиіс. Ол сондай-ақ АҚШ-тың әскери күштері мен техникасы Иран айналасында келісім толық орындалғанға дейін өз позицияларында қала беретінін атап өтті.

Сонымен қатар Испания, Ұлыбритания және Франция сынды Еуропа елдері Таяу Шығыста қол жеткізілген бітімді Ливан аумағына да таратуға шақырды. ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы өкілі Кая Каллас та осы ұстанымды қолдады.

Испания СІМ басшысы Хосе Мануэль Альбарес Израильдің әуе соққылары халықаралық құқықты бұзып отырғанын мәлімдеді. Ал Ұлыбритания ІІМ басшысы Иветт Купер бұл әрекеттерді «өте зиянды» деп атады. Франция СІМ жетекшісі Жан-Ноэль Барро 8 сәуірдегі «жаппай шабуылдарды» айыптады.

Өз кезегінде Масуд Пезешкиан Израильдің Ливанға жасаған соққылары бітім шартын бұзып, келіссөздердің мәнін жойып отырғанын айтты.

Иран қолдайтын Хезболлах қозғалысы да Израильге қарсы соққыларын жалғастыратынын мәлімдеді. Топ өкілдерінің айтуынша, жауап шабуылдары Израиль «агрессиясын» тоқтатқанға дейін жалғасады.

Reuters агенттігінің мәліметінше, Израильдің әуе соққылары салдарынан 250-ден астам адам қаза тауып, 890-нан астамы жараланған. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш бұл шабуылдарды қатаң айыптап, олардың салдарынан бейбіт тұрғындар, соның ішінде балалар зардап шеккенін мәлімдеді.

댓글
기타 기사