Израильдің ұлттық қауіпсіздік министріне Франция аумағына кіруге тыйым салынды

190
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/jltYcDLBjZ64XtioHG1oEy2NnzvKIH4uJvrwj4mz.webp

Израильдің әсіре оңшыл министрі Итамар Бен-Гвирге Франция аумағына кіруге тыйым салынды. Бұл шектеу сенбіден бастап күшіне енеді. Бұл туралы X әлеуметтік желісінде Франция сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мұндай шешім оның Global Sumud флотилиясына қатысқан француз және еуропалық азаматтарға қатысты жол беруге болмайтын әрекеттеріне байланысты қабылданды», – деп жазды министр.

Әлеуметтік желілерде жарияланған видеода Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху үкіметіндегі ұлттық қауіпсіздік министрі Бен-Гвир Израиль әскери күштері ұстағаннан кейін қолдары байланып, тізерлетілген палестинаны қолдаушы белсенділердің арасында жүргені көрінеді. Қорлау сипатындағы қойылым ретінде бағаланған бұл көрініс халықаралық деңгейде және Израиль бұқаралық ақпарат құралдарында қатты сынға ұшырады. Көпшілік бұл кадрлар елдің беделіне нұқсан келтіреді деп есептеді.

Израиль премьер-министрі де саяси одақтасын ашық түрде сынға алып, бұл әрекет еврей мемлекетінің «құндылықтарына сай келмейтінін» мәлімдеді. Алайда ол Бен-Гвирді үкімет құрамынан шығарған жоқ.

Жан-Ноэль Барроның айтуынша, француз дипломатиясы «ешқандай нақты пайда әкелмейтін» бұл флотилияның әрекетін құптамаған, себебі ол тек консулдық қызметтердің жұмысын қиындатқан.

Франция сыртқы істер министрінің сөзінше, израильдік министрдің әрекеті «палестиналықтарға қарсы өшпенділік пен зорлық-зомбылыққа үндейтін шулы мәлімдемелер мен әрекеттердің жалғасына айналды». Сондай-ақ Париж Римнің үлгісімен Брюссельден Итамар Бен-Гвирге қарсы санкция енгізуді сұрап отыр.

Министрлік мәліметінше, Газаға бағыт алған флотилия құрамындағы Францияның 37 азаматын Израиль әскері ұстап, кейін елден шығарып жіберген. Олар Ыстанбұл арқылы өз елдеріне қайтарылған.

Қазіргі мәлімет бойынша, Global Sumud флотилиясының жекелеген қатысушылары мен ұйым атынан сотқа талап-арыздар дайындалып жатыр.

 

댓글
기타 기사