«Орыс болсам да қазақша өлең шығарамын»

64
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/TgbCvRGyRKi7hfqG8V5jJ2IwESoMuvjgE72ZlAVa.jpg

Адырна” ұлттық порталы YouTube арнасының кезекті қонағы – қазақ тілінің жанашыры, қоғам белсендісі Вавилин Вячеслав Дмитрийұлы. Сұхбат барысында ол қазақ тілін қалай меңгергені, қандастар мәселесіне не себепті ерекше көңіл бөлетіні және елдегі көші-қон саясатының өзекті түйткілдері туралы ой бөлісті.

Бағдарламада қандастардың Қазақстанға бейімделуі, олардың білім алу мен құжат рәсімдеу кезіндегі қиындықтары, әсіресе қазақ мектебінде оқымаған қандастар үшін тест тапсыру мәселесі сөз болады. Сондай-ақ қонақ ел Президенттері алдында сөйлеген сөздері, өзіне ерекше әсер еткен оқиғалар және қазақ тілінің бүгінгі жағдайы туралы пікірін ортаға салады.

Сұхбат барысында қазақ тілінде кітап оқу мәдениеті, қазақша білмейтін қазақтарға қатысты көзқарасы, ұлттық құндылықтарды дәріптеу жолындағы бастамалары мен қазақ тілін күнделікті өмірде қолданудың маңызы талқыланады. Бұдан бөлек, қандастардың ел дамуына қосып жатқан үлесі, Қазақстанның болашағына қатысты пайымы және қазақ тіліне деген ерекше ықыласы сөз болады.

Бағдарламаның соңында Вячеслав Дмитрийұлы өзінің шығармашылығы туралы айтып, орыс ұлтының өкілі бола тұра қазақ тілінде өлең жазуының сырымен бөліседі.

댓글
기타 기사