Польшада Мәскеуді сынаушы ресейлік суретші қаза тапты

87
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/oAq6SxRdidqbvbNcFRi1Xycw3AQTTAozHn2LKhjJ.webp

Польша құқық қорғау органдары Беларусьпен шекараға жақын орналасқан Бяла-Подляска қаласында ресейлік суретші әрі акционист Семен Скрепецкийдің қаза тапқанын растады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

ВВС мәліметінше, оқиға 15 маусым күні таңертең суретші тұрған үйдің жанындағы көлік тұрағында болған. Полиция марқұмның 44 жастағы Ресей азаматы екенін анықтады. Кейін прокуратура оның бұқаралық ақпарат құралдарында Семен Скрепецкий деген атпен танылған Роберт Кузовков екенін мәлімдеді.

Прокуратура өкілдерінің айтуынша, Скрепецкий шығармашылығында Ресей билігінің қазіргі саясатын сынға алып жүрген. Ол түрлі ресейлік саясаткерлерге арналған карикатураларымен танымал болған.

Іске байланысты Беларусьтің екі азаматы ұсталды. Алайда қазіргі уақытта оларға ресми айып тағылған жоқ. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Бұған дейін бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары қаза тапқан адамның 2021 жылы Ресейден Польшаға қоныс аударған Семен Скрепецкий екенін хабарлаған. Мәліметтерге сәйкес, ол саяси себептермен қудалаудан қауіптеніп, отбасымен бірге Бяла-Подляска қаласына көшіп келген.

댓글
기타 기사