«ҚазТАГ» бас редакторының бұрынғы жұбайы ажырасу себептері мен тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы пікір білдірді

257
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/IR9GkIbGI6rOFZqa0IRXbNyhOLFUbgJzW4scKYsx.webp

Журналист Роза Есенқұлова бұрынғы жұбайы, «ҚазТАГ» ақпарат агенттігінің бас редакторы Әмір Қасеновке қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық, ажырасу себептері және оның табысының ашық еместігі туралы пікір білдірді. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Есенқұлованың айтуынша, жазбаға себеп болған жағдай - Әмір Қасеновтың әлеуметтік желілердегі бұрынғы жұбайы оған «ауыр менталдық жарақат келтірді» деген мәлімдемелері. Осыған байланысты журналист 2008 жылы болған оқиғаларға қатысты өз нұсқасын жариялаған.

Есенқұлованың сөзінше, отбасындағы жанжал үйленген алғашқы түннен басталған. Ол күйеуінің агрессивті мінез танытып, «нағыз келін» міндеттерін орындауды талап еткенін айтады.

«Тойдан кейін мен күйеуімнің туыстарына шайды оның ойынша “дұрыс” бермегенім үшін (яғни таңғы 6-дағы келін шайы), маған белдікпен физикалық күш қолданылды», - деп жазған Есенқұлова.

Оның айтуынша, сол түні ол күйеуін үйден шығарып жіберіп, бірге тұруды тоқтатқан. Кейін құқық қорғау органдарына жүгініп, Әмір Қасеновке оған жақындауға тыйым салатын қорғау нұсқамасы берілген.

Есенқұлова ұлын өзі тәрбиелеп отырғанын және баласының жақында мектепті аяқтағанын атап өтеді. Оның сөзінше, бұрынғы жұбайы сот кезінде жұмыссыз екенін айтып, әкелік міндеттерді орындаудан бас тартқан.

Журналисттің мәліметінше, Әмір Қасенов жұмыс істейтін ұйым тарапынан түсетін алимент мөлшері айына 14 мың теңгені құрайды. Ол бұл соманың баланың күнделікті шығындарын да жаппайтынын айтады.

“ҚазТАГ” жіберетін сол 14 мың теңге алимент баланың бір күндік шығынын да жаппайды. Ал осындай мизерлі жалақымен үлкен порталдың бас редакторы қалайша үш балалы отбасын асырап отыр?» - деп жазған ол.

Есенқұлова сот орындаушысының  нақты табысты анықтау және қарызды өндіріп алу мәселесінде қиындықтарға тап болып отырғанын да алға тартқан.

Сонымен қатар ол «ҚазТАГ» басшылығы мен бухгалтериясының ресми сұрауларға жауап бермеуі жөнінде сұрақтар көтерген.

Жазбаның соңында ол отбасылық жағдай мен кәсіби қызмет арасындағы жауапкершілікке назар аударып, аудитория алдындағы сенім мәселесін қозғайды.

Бұл іс бойынша бұған дейін де әлеуметтік желілерде талқылаулар болған. Есенқұлова алимент мөлшері мен табыс туралы күмән келтіріп, ресми жалақының төмен көрсетілуі мүмкін екенін айтқан.

Айта кетейік, Әмір Қасенов пен Әсет Матаев «Фридом Финанс» ісіне қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша сотталушылар қатарында. Соңғы мәліметтерге сәйкес, сот Қасеновтің бұлтартпау шарасын бұзуына байланысты оны үйқамақтан қамауға алу шарасына ауыстырған.

2025 жылы «ҚазТАГ» «Фридом Финанс» және оның негізін қалаушы Тимур Турловқа қатысты 250-ден астам материал жариялаған. Кейін сот кейбір материалдарды жалған деп танып, оларды теріске шығаруды міндеттеген.

2025 жылдың желтоқсанында «ҚазТАГ» бас директоры Әсет Матаев пен бас редактор Әмір Қасеновке қатысты жалған ақпарат тарату ісі бойынша күдікті мәртебесі берілгені хабарланған.

 

댓글
기타 기사