Полицейдің өлімі. Оның бұрынғы әріптесі пікір білдірді

127
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ztssu1mvSdP8zek9goKg7WdLTdBagFT5THz99Ymw.webp

Алматы облысының Кеген ауданы аумағында денесі өртенген күйде табылған полиция қызметкері Аслан Әлсеровтің өліміне қатысты тергеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Марқұмның бұрынғы әріптесі бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында Аслан Әлсеровті кәсіби маман, сабырлы әрі спортпен тұрақты айналысқан қызметкер ретінде сипаттады. Оның айтуынша, полицей құқық қорғау органдарында ұзақ жыл еңбек етіп, пәтер ұрлығы қылмыстарын ашу бағытында тәжірибелі жедел уәкілдердің бірі болған.

«Қызмет барысында оны сабырлы, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын маман ретінде таныдым. Спортпен белсенді айналысатын, балаларын да спортқа баулыды», – деді бұрынғы әріптесі.

Сонымен бірге ол марқұмның балаларына талапшыл болғанын айтқанымен, қызмет кезінде оны ашушаң немесе психологиялық тұрғыдан тұрақсыз адам ретінде көрмегенін жеткізді.

Бұрынғы әріптесі қайғылы оқиғаға отбасылық жанжал себеп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайтынын айтып, бұл тек өзінің жеке пікірі екенін атап өтті.

Сондай-ақ ол құқық қорғау органдарындағы қызметтің жоғары психологиялық жүктемесі полиция қызметкерлерінің эмоционалдық күйіне әсер етуі мүмкін екенін айтты.

 

댓글
기타 기사