Жәй ғана жақсы жаза алыңыздар, қызықтыра алыңыздар, керемет аудармашы кездессін бақтарыңызға!

142
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/XMIloPtqiYFLGCks099SrGxrRJ9oFXK4dOIUVwLC.jpg

Мо Янь ақам қадапты ғой бәріңізді...

“Алайда Нобель сыйлығы бір ғана шығарманы емес, жазушының жалпы шығармашылық жетістігін бағалайды. Әрине, кейбір шығармалар қазылар алқасының ерекше назарын аударуы мүмкін, алайда бір ғана повесть арқылы сыйлық алған мысалдар іс жүзінде жоқ деуге болады. Нобель комитетінің мүшелерінің басым көпшілігі шығыс тілдеріндегі шығармаларды түпнұсқадан оқи алмайды. Сондықтан жазушының негізгі шығармалары алдымен батыс тілдеріне аударылып, содан кейін ғана оның еңбектері Нобель комитетінің назарына ілігуі мүмкін. Бұл үдеріс біршама ұзақ уақытты талап етеді. Соңғы жылдары мен негізінен қытай жазушыларын халықаралық деңгейде насихаттаумен айналысып келемін. Сондықтан әзірге Төлен Әбдік мырзаның кандидатурасын ұсына алмаймын. Уақыты келгенде бұл мәселені қайта талқылай аламыз. Маған көрсеткен қонақжайлығыңыз үшін рақмет. Сізге бар жақсылықты тілеймін!” депті біздің жазушылар одағының “Төлен Әбдік жазушымызды Нобельге ұсынып көріңіз” деген қолқасына.

Табалағаным емес, бірақ өздеріңізге де сол керек. Нобель, Нобель деп еліріп, тыраштанып кеткендеріңізге күлкім келіп жүрген. Халықаралық конкурстар мына біздің елдегідей біреудің айтқаны бойынша беріліп, “Мынау дарын еді” деген бір ауыз сөз үшін оңды-солды үлестірілмейді. Қойсаңыздаршы енді ұятқа қалмай...

Төлен Әбдік - керемет жазушы, терең, оның ойлары кейінгі ұрпақ үшін тағылыма мол деп қылғынып қоймапсыздар, әрине, тек біз үшін, өзіміз үшін, қазақ қоғамы үшін ғана. 

Нобельге ұсынамыз, Букерге ұсынамыз, тағы да мықты жазушылар шығарамыз, конкурстар жариялаймыз деп мемлекет ақшасын шашуды да қойыңыздар сосын.

Сіздердің мына жасап отырғандарыңыз әзірге әлемдік деңгейге шығуға жемісін бермейді. 

Қазір ағылшын тілді елдерде сатылып жатқан “To hell with poets” кітабының авторы және Booker Prize 2024 сыйлығына “Tilted Axis Press” британдық баспасы ұсынған автор ретінде айтайын, дәл осы жолға дейін ешқандай мемлекеттік бағдарлама да көмектеспейді.

Жәй ғана жақсы жаза алыңыздар, қызықтыра алыңыздар, керемет аудармашы кездессін бақтарыңызға! Болды.

Bakhytgul Sarmekova

 

 

댓글
기타 기사