Путинмен кездескен соң. Пашинян Мәскеуге баратын болды

149
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/0gF3rLpS5GiE70ilptirx6K3EjIdgKPLscM8daUr.webp

Армения премьер-министрі Никол Пашинян өзінің Telegram-арнасында Бішкекте Ресей президенті Владимир Путинмен өткен кездесуін «өте жақсы» деп бағалады. Сондай-ақ ол алдағы уақытта Мәскеуге сапармен бару жөнінде келісім жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Оның айтуынша, тараптар алдағы кездесу барысында шынайы әрі сындарлы диалогты жалғастыруға келіскен.

Пашинян Мәскеу мен Ереван арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың маңызын атап өту қажеттігін айтты.

«Сонымен бірге жаңа ортада, жаңа жағдайларда бұл қарым-қатынастар трансформацияны қажет ететінін де мойындауымыз керек. Осы өзгерістердің нәтижесінде екі ел арасындағы байланыстар бұдан да жақсы – неғұрлым сындарлы, өзара тиімді әрі жылы болады деп сенемін», – деді Армения үкіметінің басшысы.

댓글
기타 기사