Бүгін, 3 қыркүйекте алғаш рет қазақ тазысы мен төбеті күні атап өтіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Бұл күн қазақ халқының тарихы мен мәдениетінде ерекше орын алатын ит тұқымы – тазыларды сақтап, дамытуға назар аударуға арналған. Тазы ғасырлар бойы адаммен бірге өмір сүріп келеді. Жүйрік әрі төзімді тазы саятшылықта аңшыға серік болған. Бүгінде тазы – Қазақстанның ұлттық құндылығы»,– делінген хабарламада.
Еске салайық, Үкімет 15 сәуірде қаулы шығарып, мерекелік күндердің тізбесін «Қазақ тазысы мен төбеті күнімен» толықтырған еді. Қазіргі таңда елімізде 4 мыңға жуық тазы тұқымы ресми тіркелген.
Фото: pixabay.com
