Ұлытауда «Тіл – татулық тірегі» облыстық тіл фестивалі өтті

221
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/qadwX865MdTOzqn7ty657hvm0z6AWGyZ11dlOAis.jpg

Қазақстан халқының Тілдері күніне орай Ұлытау облысында «Тіл – татулық тірегі» облыстық тіл фестивалі өтті. Іс-шараны Ұлытау облыстық тілдерді дамыту орталығы облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен ұйымдастырды.

Фестиваль барысында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға үлес қосып жүрген азаматтар марапатталды. Ұлытау облысы әкімінің «Тіл жанашыры» сыйлығының жеңімпаздары «Үздік қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы – 2026», «Тілге жанашыр кәсіпкер – 2026», «Үздік бейнеролик – 2026», «Тіл шебері – 2026» және «Тіл майталманы – 2026» номинациялары бойынша анықталды.

Сонымен қатар тіл саясатын дамытуға атсалысып жүрген қоғам белсенділері мен тіл жанашырларына алғысхаттар табысталды.

Фестиваль аясында қала және аудандар арасында өткен тіл фестивалінің қорытындысы шығарылды. І орын – Қаражал қаласының, ІІ орын – Жаңаарқа ауданының, ІІІ орын – Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдеріне берілді. Жезқазған қаласы мен Ұлытау ауданының тиісті бөлімдері ынталандыру сыйлығына ие болды.

Тіл – халықты біріктіретін, татулық пен бірлікті нығайтатын құндылық. Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға бағытталған мұндай бастамалар ел бірлігін бекемдей бермек.

댓글
기타 기사