Антихиджаб. Ирандық актриса Венеция байқауында үздік актриса атанды

130
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/SdM0VfzDNOKzIZZGFOsJ4nvqWnOQw3Q9TuJrsKa7.webp

Фото: Vittorio Zunino Celotto/Getty Images

Ирандық актриса Лале Марзбан 83-ші Венеция халықаралық кинофестивалінде «Orizzonti» бағдарламасының үздік актрисасы жүлдесіне ие болды. Ол бұл марапатты режиссер Мохсен Гараидің Moragheb («Құлап жатқан үй») фильміндегі басты рөлі үшін алды, деп хабарлайды "Адырна".

Фильмде Лале Марзбан сән саласында шетелде білім алып, өз армандарын жүзеге асыруды көздейтін жас әйелдің бейнесін сомдайды. Алайда оның жоспарларына авторитарлы әкесі кедергі келтіреді. Әкесі түрме күзетшісі ретінде жұмыс істейді және қызының өміріне қатаң бақылау орнатқан.

Актрисаның фильмде хиджабсыз өнер көрсетуі де ерекше назар аударды. Бұл Иранның киноиндустриясындағы қалыптасқан талаптар мен қоғамдық жағдайды ескергенде, маңызды шығармашылық шешімдердің бірі ретінде бағаланды.

Марапаттау рәсімінде Лале Марзбан эмоцияға толы сөз сөйлеп, жүлдесін «Иранның батыл әйелдеріне» арнады. Оның айтуынша, елдегі әйелдер негізгі құқықтары мен қарапайым бостандықтары үшін үлкен қысымға ұшырап келеді.

Актриса сөзінің соңын парсы тілінде айтып, Иран халқының қазіргі таңда өміріндегі ең қиын кезеңдердің бірін бастан өткеріп жатқанын атап өтті. Сонымен бірге ол адамдарды үміттерін жоғалтпауға шақырды.

Айта кетсек, бұған дейін кинорежиссер Илья Хржановский де Венеция халықаралық кинофестивалінде «Үздік режиссер» номинациясы бойынша «Күміс арыстан» жүлдесіне ие болғанын хабарладық. Ресейде дүниеге келген режиссер жүлдесін Украинаға арнаған болатын. 

 

댓글
기타 기사