Президент Конституциялық соттың судьяларын тағайындады

217
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/MdYum39lCh4GyVIx2eCHDIfjyc1mjRqB7W4CwCqp.webp

Бүгін, 23 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының он судьясы тағайындалды. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды "Адырна".

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

  • Сәкен Абдолла;
  • Ләйла Сұлтанқызы Жақаева;
  • Қайрат Төлегенұлы Жақыпбаев;
  • Айжан Ержанқызы Жатқанбаева;
  • Айгүл Қуанышбайқызы Қыдырбаева;
  • Қанат Сергейұлы Мусин;
  • Бақыт Маратұлы Нұрмұханов;
  • Сергей Васильевич Скрябин;
  • Аслан Султанович Тукиев;
  • Сергей Федорович Ударцев тағайындалды.

Президент жарлықтары шыққанға дейін Құрылтай депутаттары пленарлық отырыста Конституциялық сот судьяларын тағайындауға келісім берді.

Кандидатураларды Президент Әкімшілігінің басшысы Роман Скляр таныстырды:

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 56-бабына сәйкес Конституциялық соттың судьяларын тағайындау үшін Құрылтайдың келісімі қажет. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Конституциялық сот судьялары лауазымына он кандидатура ұсынылып отыр", – деді ол.

22 қыркүйекте Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойған болатын. Сессия 23–24 қыркүйекте Астанада өтеді.

댓글
기타 기사