Бүгін, 23 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының он судьясы тағайындалды. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды "Адырна".
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
- Сәкен Абдолла;
- Ләйла Сұлтанқызы Жақаева;
- Қайрат Төлегенұлы Жақыпбаев;
- Айжан Ержанқызы Жатқанбаева;
- Айгүл Қуанышбайқызы Қыдырбаева;
- Қанат Сергейұлы Мусин;
- Бақыт Маратұлы Нұрмұханов;
- Сергей Васильевич Скрябин;
- Аслан Султанович Тукиев;
- Сергей Федорович Ударцев тағайындалды.
Президент жарлықтары шыққанға дейін Құрылтай депутаттары пленарлық отырыста Конституциялық сот судьяларын тағайындауға келісім берді.
Кандидатураларды Президент Әкімшілігінің басшысы Роман Скляр таныстырды:
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 56-бабына сәйкес Конституциялық соттың судьяларын тағайындау үшін Құрылтайдың келісімі қажет. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Конституциялық сот судьялары лауазымына он кандидатура ұсынылып отыр", – деді ол.
22 қыркүйекте Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойған болатын. Сессия 23–24 қыркүйекте Астанада өтеді.
