Каспийдегі оқу-жаттығуда қаза тапқан спортшы сарбазды жерлеу рәсімі өтті

246
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/k8v8VHtvZjBPUsDgTpVhRMyHPsNn7h5VKWhB3igW.webp

Ақтауда Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 20 жастағы әскери қызметші, самбодан Қазақстан чемпионатының жүлдегері Сержан Аяпбергенді жерлеу рәсімі өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Марқұммен қоштасу рәсімі Ақтау қаласының Рауан тұрғын алабында ұйымдастырылды. Оған қала әкімдігі мен жергілікті билік өкілдері, әскери қызметшілер, туған-туыстары мен жақындары қатысты.

Сержан Аяпберген самбомен жеті жасынан бастап айналысқан. Ол спорттық жолын дзюдодан бастап, кейін самбоға ауысқан. Спортшы республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып, Қазақстан чемпионатының жүлдегері атанған.

Сержан мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген. Әскерге дейін электр мамандығы бойынша колледж тәмамдаған. Әскери қызметін аяқтағаннан кейін спорт саласында кәсіби жолын жалғастыруды жоспарлаған.

Ақтау әкімдігінің мәліметінше, Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан барлық әскери қызметші әскери құрметпен ақтық сапарға шығарылады.

댓글
기타 기사