Венгрия премьер-министрі Петер Мадьярға қатысты тергеу жалғасады

103
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/tf95ITFJUTIPIPCDVjrx8t6i7pi3AwgO7nA1uYpw.webp

Венгрия парламенті премьер-министр Петер Мадьярдың және Виктор Орбан үкіметінде қызмет атқарған екі бұрынғы министрдің қол сұғылмаушылық құқығын алып тастады. Бұл шешім олардың үстінен жүргізіліп жатқан қылмыстық істер бойынша тергеуді жалғастыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды "Адырна" порталы ВВС-ге сілтеп. 

Associated Press мәліметінше, депутаттардың басым бөлігі Мадьярдың, бұрынғы мәдениет министрі Балаш Ханконың және бұрынғы ұлттық даму министрі Миклош Шештактың қол сұғылмаушылық құқығын алып тастауды қолдаған.

Мадьярға 2024 жылғы маусымда болған оқиғаға байланысты ұрлық жасады деген күдік келтірілген. Тергеу нұсқасы бойынша, ол өзін видеоға түсіріп тұрған адамның телефонын алып, Дунайға лақтырған. Премьер-министр бұл әрекетті жоққа шығармайды, бірақ оны ұрлық деп бағалауға болмайтынын айтып, істің саяси астары бар екенін мәлімдеді. Сонымен қатар ол өзіне қатысты қолсұғылмаушылықты алып тастауды өзі сұраған.

Ал бұрынғы министрлер Балаш Ханко мен Миклош Шештакқа қатысты істер Виктор Орбан билігі кезіндегі ықтимал заңбұзушылықтарды тергеумен байланысты.

Ханко Ұлттық мәдени қордың 17,3 млрд форинт қаражатын мақсатсыз пайдалануға қатысы бар деген күдікке ілінді. Ал Шештак 2014–2018 жылдары министр болған кезеңде пара алды деген күдікпен тергеліп жатыр. Екеуі де өздеріне тағылған айыптарды мойындамайды.

«Фидес» партиясы мен оның коалициялық серіктесі Христиан-демократиялық халық партиясының депутаттары дауыс беруге қатыспады. Олар бұрынғы министрлерге қатысты айыптарды саяси қысым деп бағалады.

댓글
기타 기사