Елорда халқының саны өскен

125
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/6iRlYxTBfL9q1XfuM8jpO03t6uyMVWaT5UOqHTvz.jpg

Қазақстан халқының саны 20,6 миллионнан асты. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша елде 20 618 796 адам тұрады, деп хабарлайды "Адырна".

Астана халқы алғаш рет 1,7 миллион адамнан асты. Қыркүйектің басында елорда тұрғындарының саны 1 700 385 адамға жеткен. Бұл бір айда қала халқының шамамен 10 мың адамға өскенін көрсетеді. Жыл басынан бері елорда тұрғындарының саны 61 209 адамға артқан.

Халық саны ең көп өңірлер қатарында Алматы қаласы мен Түркістан облысы бар. Алматыда 2 387 896, Түркістан облысында 2 142 709 адам тұрады. Бұдан бөлек, Алматы облысында – 1 615 631, Шымкентте – 1 316 888, Жамбыл облысында – 1 210 084, Қарағанды облысында 1 130 123 адам тіркелген.

Халық саны ең аз өңірлер – Ұлытау облысы (217 274 адам), Солтүстік Қазақстан облысы (510 756 адам) және Абай облысы (590 702 адам).

Статистикаға сәйкес, Қазақстан тұрғындарының басым бөлігі қалаларда тұрады. 1 қыркүйектегі есеп бойынша қала халқының саны 13 236 041 адамға жеткен. Жыл басынан бері бұл көрсеткіш 150 931 адамға өскен.

Ал ауыл тұрғындарының саны 7 382 755 адамды құрады. Жыл басынан бері ауыл халқы 31 957 адамға азайған.

Жалпы, жыл басынан бері Қазақстан халқы 118 974 адамға көбейген.

댓글
기타 기사