Shymbulak халықаралық сыйлық жеңіп алды

175
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/PuFCHT4n3YmFGaAwV6sv3Py2QyejuLx9wxYK4TcU.jpg

Қазақстандық Shymbulak тау курорты халықаралық SKI BUSINESS AWARDS 2026 сыйлығының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды “Адырна”. 

Марапат курорттың тұрақты қонақтарына арналған Velvet Shymbulak Club бағдарламасына берілді. 

Бұл туралы Shymbulak Mountain Resort коммуникациялар департаменті хабарлады.

Марапаттау рәсімі 28 қазанда Мәскеуде өткен Туристік аумақтар форумы аясында ұйымдастырылды. Velvet Shymbulak Club «Премиум санатындағы қонақтармен жұмыс істеуге арналған үздік тау шаңғысы жобасы» аталымында үздік деп танылды.

Velvet Shymbulak Club – курортқа тұрақты келетін қонақтарға арналған арнайы бағдарлама. Оның мүшелері жыл бойы аспалы жолдарды пайдаланып, жеке сұраныстарына сай қызметтерді ала алады. Сондай-ақ демалыс аймағы мен SPA қызметтеріне қол жеткізіп, тау шаңғысы жабдықтарына техникалық қызмет көрсеткізе алады.

Бағдарламаның басты ерекшеліктерінің бірі – First Track қызметі. Ол қонақтарға жаңадан дайындалған шаңғы трассаларына алғашқылардың бірі болып шығуға мүмкіндік береді.

Shymbulak Mountain Resort бас директоры Ринат Абдрахмановтың айтуынша, бұл марапат ұжымның қызмет көрсету сапасын арттыру бағытындағы еңбегіне берілген баға.

Айта кетейік, Shymbulak курорты бұған дейін де SKI BUSINESS AWARDS сыйлығының бірнеше аталымында жеңімпаз атанған. Атап айтқанда, 2021 және 2023 жылдары «Үздік тау шаңғысы курорты» аталымын иеленсе, 2024 жылы ТМД елдері арасындағы үздік тау шаңғысы курорты деп танылған. 2025 жылы да осы санаттағы марапатқа ие болды.

Қазіргі уақытта курорт Алматы тау кластерін дамыту бағдарламасына қатысып, жаңа аспалы жолдар салу, шаңғы тебу аумағын кеңейту және қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарын жалғастырып келеді. Курорт жыл сайын шамамен 1,5 миллион туристі қабылдайды.

댓글
기타 기사