Словакияда төрт қазақстандық ақша бопсалады деген күдікпен ұсталды

217
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/jQkNPV9jaXvSkUNeiKOxMLTHMlbBMMZhTF5j3jes.jpg

Фото: ЖИ

Словакияның Тренчин қаласында төрт қазақстандық ақша бопсалау және адам ұрлау күдігімен ұсталды, деп хабарлайды “Адырна” TN-ге сілтеп.

Тергеу мәліметінше, күдіктілер полиция қызметкерлерінің киімін киіп, жергілікті тұрғынның үйіне басып кіріп, кейін оны ұрып-соққан.

БАҚ мәліметінше, бес жігіт өзіне қарызы бар деп есептеген ер адамды іздеген. Олар оны туысының үйінен таппақ болып, алдымен үйде болған әжесіне өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырған.

Күдіктілер қара түсті киім киіп, беттерін балаклавамен жасырған. Киімдерінде Словакияның Ұлттық қылмыс агенттігінің (NAKA) атауы жазылған. Үйге кірген соң бөлмелерді тінти бастаған. Болған жағдайдан үй иесі қатты қорыққан.

Кейін күдіктілер ер адамды тауып алып, оны соққыға жыққан деген болжам бар. Осыдан соң әйел жалған полицейлердің әрекетіне шағымданып, олардың құқық қорғау органдарына қатысы жоқ екенін анықтаған.

Полиция бес адамның төртеуін қолға түсірген. Бесінші күдікті оқиға орнынан қашып кеткен

댓글
기타 기사