Қазақстанда АЭС салуға қанша қаражат кететіні айтылды. Бұл жайында «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС бас директоры Тимур Жантикин мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Мәлімет бойынша, елімізге атом электр станциясын салу бойынша 4 жоба қарастырылып жатыр.
«Бүгінгі таңда елімізде атом электр станциясын салу үшін 10-15 миллиард доллар керек. Құжаттар шамамен 5 жыл әзірленеді. Өйткені, бірінші кезеңде техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге 1,5-2 жыл керек. Содан кейін Үкімет АЭС салу туралы оң шешім қабылдаса, жобалау-сметалық құжаттама әзірленеді. Оғанда уақыт қажет. АЭС шашамен 5 жыл салынады. Яғни атом электр станциясын 2035 жылы іске қосамыз деп ойлаймыз», - деді Тимур Жантаңин Астанада өткен «Бейбіт атом» республикалық семинарында.