"Тірелген су метрден асады". Атырауда тағы бір көпірді су шайып кетті

3530
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/whatsapp-image-2024-04-02-at-10.54.50.jpeg
Атырау облысында тағы бір көпірді су шайып кетті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеп. Облыста Ойыл өзенінің суы арнасынан әлі асып жатыр. Қызылқоға ауданы Миялы ауылының маңындағы бір көпірді тасқын су шайып кеткен.
«Ойыл өзеніндегі су арнасынан асып жатыр. Тасқын су «Сағыз-Миялы-Қарабау-Индер» бағытына қатынайтын жолдағы көпірді шайып кетті. Бұл көпір Миялы мен Жангелдин ауылдары аралығында салынған», - деп хабарланған.
Ойыл өзеніндегі су тасқынына байланысты Миялы ауылынан 559 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Тірелген судың деңгейі 1 метр 20 см құраған.
댓글
기타 기사