Атырау облысында тағы бір көпірді су шайып кетті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеп.
Облыста Ойыл өзенінің суы арнасынан әлі асып жатыр. Қызылқоға ауданы Миялы ауылының маңындағы бір көпірді тасқын су шайып кеткен.
«Ойыл өзеніндегі су арнасынан асып жатыр. Тасқын су «Сағыз-Миялы-Қарабау-Индер» бағытына қатынайтын жолдағы көпірді шайып кетті. Бұл көпір Миялы мен Жангелдин ауылдары аралығында салынған», - деп хабарланған.Ойыл өзеніндегі су тасқынына байланысты Миялы ауылынан 559 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Тірелген судың деңгейі 1 метр 20 см құраған.
Related news
KASYM-ZHOMART TOKAYEV: The thermal power station of the capital is managed by a lawyer, the thermal transit is managed by an agronomist, and the city water channel institution is managed by a zootechnician.