Түркістан облыстық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің бастамасымен “25 қазан - Республика күніне” орай “40 ой мен той” жобасы аясында Сарыағаш және Жетісай аудандық “Жастар ресурстық орталықтары” КММ-нің бірігіп ұйымдастыруымен жастар арасында облыстық спартакиада өтті
📋Жастардың спорттық шеберлігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған спартакиадаға аудан, қалалық жастар орталықтарының мамандары қатысып, өзара бақ сынады.
📑Іс-шараның ашылу салатанатына Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов, облыстық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшысы Ернар Нұралыұлы, Сарыағаш аудандық мәслихатының депутаты Нұржан Пернебайұлы қатысты.
🔹 Жастардың физикалық белсенділігі мен командалық рухы сыналған бәсекеге қатысушылар спорттың 6 түрінен, атап айтқанда, арқан тартыс, гір тасын көтеру, ләңгі тебу, үстел теннисі, белтемірге тартылу және волейболдан өзара сынға түсті.
Командалық есеп бойынша оқ бойы озып шыққан Төлеби ауданы I орынды иеленсе, Қазығұрт ауданы II орынды қанжығалады. Ал Сауран ауданына III орын бұйырды. Жеңіске жеткен командалар арнайы дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
기타 기사
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз