Жастар арасында облыстық спартакиада өтті

322
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/11/bd0dd463-0508-4cea-a4a7-36bae59fba74.jpeg
Түркістан облыстық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің бастамасымен “25 қазан - Республика күніне” орай “40 ой мен той” жобасы аясында Сарыағаш және Жетісай аудандық “Жастар ресурстық орталықтары” КММ-нің бірігіп ұйымдастыруымен жастар арасында облыстық спартакиада өтті 📋Жастардың спорттық шеберлігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған спартакиадаға аудан, қалалық жастар орталықтарының мамандары қатысып, өзара бақ сынады. 📑Іс-шараның ашылу салатанатына Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов, облыстық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшысы Ернар Нұралыұлы, Сарыағаш аудандық мәслихатының депутаты Нұржан Пернебайұлы қатысты. 🔹 Жастардың физикалық белсенділігі мен командалық рухы сыналған бәсекеге қатысушылар спорттың 6 түрінен, атап айтқанда, арқан тартыс, гір тасын көтеру, ләңгі тебу, үстел теннисі, белтемірге тартылу және волейболдан өзара сынға түсті. Командалық есеп бойынша оқ бойы озып шыққан Төлеби ауданы I орынды иеленсе, Қазығұрт ауданы II орынды қанжығалады. Ал Сауран ауданына III орын бұйырды. Жеңіске жеткен командалар арнайы дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Комментарии