Президент президенттік республиканың ыңғайлы болғанын тағы да еске салды

1376
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/img_9638-960x500.jpeg?token=81e43241e0e0dac987d7beaccc61dc82

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумында Қазақстанның  суперпрезиденттік жүйеден бас тартқанын еске салып, президенттік билікті лайықты модель деп атады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Біз суперпрезиденттік жүйеден бас тарттық. «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасын басшылыққа алатын, тежеу мен тепе-теңдік жүйесі бар президенттік республика жолын таңдадық. Бұл тұжырым Қазақстандағы саяси жүйенің ерекшеліктеріне мейлінше лайықты модель екеніне кәміл сенемін»,—деді ол.

Мемлекет басшысы президент өкілеттілігі бір реттік 7 жылдық мерзіммен шектелгенін де атап өтті.

«Қазақстанда ғана емес, біздің аймақта мұндай шешім бұрын-соңды қабылданбаған. Менің ойымша, бұл қадам еліміздің саяси жүйесін нығайтуға, экономикасын дамытуға және өркениетті қоғам құруға негіз болады. Президент – халықтың белгілі бір мерзімге, біздің жағдайымызда жеті жылға жалдаған менеджері»,—деп толықтырды Тоқаев.

Кеше  Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасы Бундесратының Президенті, Саар федералды жерінің Премьер-министрі Анке Релингермен кездескенде де Қазақстанда президенттік басқару жүйесі сақталатынын айтқан. Сонда соңғы жылдары елде ауқымды саяси реформалар жүргізілгенін атап өткен Тоқаев құқық қорғау және сот жүйесіне де өзгерістер енгізілуі мүмкін екенін атап өткен. Дегенмен президенттік басқару жүйесі сақталады деген.

댓글
기타 기사