Қазақстан мен Иран президенттері бір-бірін Құрбан айт мейрамымен құттықтады

1340
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/img_9800-960x500.jpeg?token=1bd3a320c313da638e6d840f8cb902e2

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президенті Масуд Пезешкианмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы бүгін, 5 маусымда Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Президенттер бірін-бірі барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкиан екі елдің достыққа, тату көршілікке негізделген қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтудің перспективасы қарастырылды.  Тараптар алдағы кездесулердің кестесін талқылады.

댓글
기타 기사