Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран президенті Масуд Пезешкианмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы бүгін, 5 маусымда Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Президенттер бірін-бірі барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкиан екі елдің достыққа, тату көршілікке негізделген қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтудің перспективасы қарастырылды. Тараптар алдағы кездесулердің кестесін талқылады.