Мария Агапова Қуат Хамитов туралы: "Енді ол мүгедек"

15353
Adyrna.kz Telegram

UFC-дағы Қазақстанның өкілі Мария Агапова Instagram парақшасында Қуат Хамитовтің ұсталуына қатысты жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Sports.kz"-ке сілтеме жасап.

"Бейбіт митингілерге қатысқаны үшін Қуатты құқық қорғау органдары ұрып-соғып, азаптаған. Енді ол мүгедек. Қуат үшін өте қатты өкінемін, бұл мен үшін ауыр. Оның тезірек сауығып кетуін тілеймін", — деп жазды Агапова.

Бұқаралық ақпарат құралдарында қамауға алынғаннан кейін Хамитов көптеген жарақат алғанын, оның денесінде  соққының басқа да белгілері бар екені туралы ақпарат тарады. Сондай-ақ оның қабырғасының сынып, басының жарақаттанғаны және есте сақтау қабілетінің нашарлағаны туралы да айтылды.

Еске салайық, Агапова UFC-ге 5 наурызда оралады, оның қарсыласы атышулы украиналық Мария Мороз болмақ.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер