Қазақстан ең арзан бензині бар елдердің тізіміне енді

2915
Adyrna.kz Telegram
Фото: Fishki.net
Фото: Fishki.net

Қазақстан ең арзан бензині бар елдердің тізіміне енді. Елімізде жанармай құны әлемдік орташа көрсеткіштен үш есеге арзан. Бұл туралы “Адырна” ұлттық порталы GlobalPetrolPrices сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Дүние жүзінде бензиннің орташа бағасы литріне 1,32 долларды құрайды. Әртүрлі елдер арасында бензин бағасының айтарлықтай айырмашылығы бар. Порталдың мәліметінше, әдетте бай елдерде баға жоғары болса, кедей елдер мен мұнай өндіріп, экспорттаушы елдерде баға айтарлықтай төмендеген. Жалғыз ерекшелік АҚШ - бензиннің салыстырмалы түрде төмен құны бар экономикалық дамыған ел.

Әр елдегі бағаның айырмашылығы бензинге салықтар мен субсидиялардың әртүрлі болуына байланысты. Мақала авторы барлық елдер мұнайдың халықаралық нарықта бірдей құнына қол жеткізе алатынын, бірақ әртүрлі салық салатынын атап өтті. Соның салдарынан бензин бағасы да өзгеріп отырады.

Ең арзан бензин, сарапшылардың пікірінше, Венесуэлада сатылады және литрі $0,025 (шамамен 12 теңге) тұрады. Одан кейін Ливия, Иран, Сирия, Алжир, Ангола және Кувейт тұр.

Бір литрінің құны 0,393 долларды құрайтын Қазақстан рейтингте сегізінші орында тұр. Бұл сарапшылардың есептеуінше, шамамен 199 теңге.

Ресей 11-ші орында. Ондағы жанармай құны $0,431, яғни 218 теңге. Сауд Арабиясында (19-орын) бензин 0,621 доллардан (314 теңге) сатылуда.

Сарапшылардың пікірінше, ең қымбат бензин Гонконгта $2,879 (1457 теңге), Монакода $2,477 (1253 теңге) және Нидерландыда $2,432 (1230 теңге) тұрады.

Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер