15 шілде —отаншылдық пен қаһармандық символы

1997
Adyrna.kz Telegram

 

                          201 адам қаза тапты.

2016 жылы 15 шілдеден 16 шілдеге қараған түні Түркияда көтерілісшілер елде төңкеріс жасауға тарысты. Түркияның Ұлттық барлау ұйымы дайындалып жатқан төңкеріс туралы 15 шілде күні сағат 16.00-де ақпарат алған. Ресми мәліметтер бойынша төңкеріс 16 шілде түнгі 3-те болуы тиіс екен. Бірақ ол ерте басталып кеткен. Көшеге шыққан халық суық қаруланған көтерілісшілерді тоқтатпақ ниетте танктің алдына шығып қолына Түркияның қызыл жалауымен тоқтатпақшы болды, бірақ көтерілісшілер ешкімді аямады.  Басып жанши жөнелген танктер ешкімді де аямады. Осы көтеріліс салдарынан 201 адам қаза тапқан. Бұл туралы 13 шілде күні Алматы қаласында Түркияның Қазақстандағы Бас Консулы Рыза Қаған Йылмаз мырзамен Түркі Тілдес журналисттер қорының журналисттері кездесіп өткізген   баспасөз  мәслихатында баяндалды.

               Әлем назары Стамбұл мен Анкарада

Түркияның әскери-әуе күштері мен жандармерия өкілдерінен тұратын төңкерісшілердің басты назары Анкара мен Стамбұлда еді. Қарулы қақтығыс кезінде олар түріктердің ең ірі екі қаласындағы бірнеше нысанды атқылап, орасан зор шығын келтірген. Зардап шеккен ғимараттар арасында Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоғанның резиденциясы да бар. Ал Түркия Ұлттық Мәжілісінің ғимаратына төңкерісшілер әуеден соққы берді. Мармаристе демалып жатқан Ердоған билікті күштеп тартып алуға жанталасқан төңкерісшілерге қарсы тұру үшін қарапайым халықты көмекке шақырды.

Негізі төңкерісшілер Мармаристегі Ердоғанды тұтқындау үшін ол жаққа 3 тікұшақ пен 25 әскер жөнелтіпті. Бірақ олар әрекетке көшпей тұрып, Ердоған Стамбұлға кетіп қалған.

Төңкеріс жасауға жанталасқан әскерилер Түркия үкіметі мен билігін отставкаға жібергендерін, билік тізгіні өздеріне көшкендерін айтты. Бірақ Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым Түркия үкіметі отставкаға кетпегенін, жұмысын жалғастырып жатқанын мәлімдеді.

Президенттің сөзінен кейін Анкара мен Стамбұлдағы ең ірі көшелерге халық ағыла бастады. Стамбұлдың әйгілі Таксим алаңына әскери төңкеріске наразылығын білдіруге келген қарапайым халыққа төңкерісші әскерилер оқ атты. 16 шілде күні таңертең әскерилер біртіндеп беріле бастады.

          Төтенше жағдай екі жылға созылды

Түркия билігі төңкерісшілердің мақсаты орындалмағанын, елдің ішіне ылаң салған АҚШ-тың Пенсильвания штатында тұрып жатқан оппозициялық бағыттағы Фетуллах Гүленнің шәкірттері мен жақтастары екенін хабарлады. Бүгінде Түркияда Фетуллах Гүлен лаңкес, ал оның жақтастары лаңкестік ұйым мүшелері деп танылады. Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған Американың сол кездегі президенті Барак Обамаға Фетуллах Гүленді қайтаруға шақырды. Ол мемлекеттік төңкерістерді қолдамайтынын, 15 шілдедегі оқиғаға өзінің түк қатысы жоқтығын айтып ақталды (Гүлен әлі күнге Америкада бой тасалап жүр. Түркияға қайтудан бас тартты).

Арада 5 күн өткенде (20 шілдеде) Реджеп Тайип Ердоған ел ішінде 3 айға төтенше жағдай енгізілгенін мәлімдеді. Төтенше жағдай 2018 жылдың 19 шілдесіне дейін созылды.

Түркия Қарулы күштерінің мәліметтеріне сүйенсек, әскери төңкеріс жасауға 8700 әскери қатысқан. Сонымен қатар 3 әскери кеме, 74 танк, 246 БТР, 3992 қару, 35 ұшақ, 37 тікұшақ пайдаланылған. Ажал құшқандар саны  – 201, жараланғандар – екі мыңнан астам.

                                                       Кінәсіздер босатылуда

15 шілдеден кейін Түркияда жаппай тұтқындау басталды. Ең басты назар  жоғары шенді әскерилерге аударылды. «Фетуллах Гүленнің сыбайласы» деген күдік пен айып тағылған Әскери теңіз күштері, Әскери әуе күштері, жандармерия, теңіз жағалаулары күзеті, құрлық әскері т.б. жоғарғы шенді 3725 әскери қызметінен қуылған. Дезертирлар арасында 9 генерал мен адмирал бар, жалпы саны – 137. Түркиядағы барлық министрліктер мен мемлекеттік мекемелерден 100 мың мемлекеттік қызметкер, 27 мың білім саласының өкілі, 3 мыңнан астам судья жұмыстан шығарылған.

Төңкерісшілерге қатысы бар деген айыппен Түркия журналистері де қуғынға ұшырады. Түрік үкіметі үш ақпарат агенттігі, он алты телеарна, жиырма үш радиостанса, 45 газет, 15 журнал, 20 ақпарат сайты жабылды, 29 баспаның лицензиясы қайтарып алынды. Сондай-ақ, 400-ден астам журналист қызметінен шеттетілді.

Түркияның Сауда және кеден министрі Бүлент Түфенкчи төңкеріс жасауға тырысқандардың кесірінен Түркия экономикасына 300 млрд түрік лирасы (100 миллиард доллар) көлемінде зиян келгенін мәлімдеді.

Ең бастысы, тұтқынға алынғандар егер өздерінің кәнісіз екенін дәлелдесе, оларды бостандыққа шығарып отырған. Бүгінде Фетуллах Гүленнің жақтастары ретінде бірнеше адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Сонымен қатар Түркия президентіне қастандық жасады деп 47 адам айыпталды. Олардың үшеуіне іздеу жарияланған. Жалпы саны 160 мың адам айыпталып, Фетуллах Гүленнің жақтастары ретінде 50 адам тұтқындалған.

Түркияның ішіне іріткі салып, елді алатайдай бүлдіруге тырысқан төңкерісшілерге халық қаймықпай қарсы шықты. Қару-жараққа кеуделерін тосқан, Отан үшін жанын пида еткен қаһармандар арнап Анкара мен Стамбұлдан ескерткіш қойылды.  Ал жыл сайын 15 шілде Түркияда бейбітшілік пен демократияның мерекесі ретінде тойланады.

 

 

Пікірлер