Алматы қаласында 2025 жылы 71 мектеп бой көтереді

641

Мемлекет басышысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің  халыққа Жолдауында «біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың  заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз»,-деген болатын.

Жолдаудағы бұл жарқын бастама республикадағы талай білім ордаларының келбетінің жаңарып, апатты және үш ауысымда оқитын мектептердің санының азаюына ықпал етері анық.

Алып шаһар Алматыда да дәл осы мәселе өз шешімін таппақ. Алдағы уақытта, нақылап айтқанда, 2025 жылдың соңына дейін қалада 71 мектеп салу жоспарланып отыр, оның ішінде 23 мектеп пен жапсаржай бюджет есебінен, қалғандары жеке қаражат есебінен бой көтереді.

Ал 16 мектеп пен жапсаржай құрылыс салушылармен жасасқан меморандум аясында болмақ. Бұл «Алматыны 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі негізгі басымдықтарында» жазылған.

Алатау, Бостандық, Наурызбай және Түрксіб аудандарында 2025 жылдың соңына дейін қосымша білім беруді дамыту бойынша 4 заманауи орталық құрылады.

Айта кетейік, Президент бұған дейін «әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс»,-деп қадап айтқан еді. Келер ұрпақтың сапалы білім аулы үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының аясында біршама ауқымды істер атқарылмақ.

Бүгінде ел аумағында дәл осы істердің төңірегіндегі мәселелер оң шешімін тауып бастады.

Жалпы  жолдауда айтылғандай,  мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек. Жемқорлар сотталғанда, олардың заңсыз тапқан қаржысы мемлекетке өтіп, түгелдей мектеп құрылысына жұмсалуға тиіс.  Ол үшін Үкімет осы бастаманы заң тұрғысынан рәсімдеу туралы шешім қабылдауы ғана қалды .

 

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket