Қазақстанның бес өңірінде қасқыр атуға тыйым салынды

2356
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан территориясында қасқыр аулаудың лимиті бекітілді. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет өзінің Фейсбук парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үстіміздегі жылдың соңына дейін Ақмола, БҚО, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында қасқыр атуға тыйым салынды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бұл өңірлерде аталған дала жыртқышының түрі азайған.

Атап айтсақ, Ақмола облысында 30 қасқыр қалса, Павлодар облысы бойынша бұл жануардың 194 басы ғана қалған. Ал өткен жылдың дерегі бойынша жалпы ел аумағында 13 мыңнан аса қасқыр бар.

Ескере кететін жайт, жоғарыда аталып өткен бес өңірде қасқырды тек қана адамға немесе үй жануарларына шабуыл жасағанда, сондай-ақ, ауылды елді мекен территориясында жүрген жағдайда ғана атуға рұқсат етіледі.

Пікірлер