Жауған оқ пен жанған оттың арасында ...

6932
Adyrna.kz Telegram

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті.

«Ауғанстанның тірі жады» - осындай атаумен Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстаннан шығарылғанына 34 жыл толуына орай Зияткерлік мектебінің жатақханасында іс-шара өтті.

Кездесу қонақтары Ауған соғысының ардагерлері – Айнеков Марат Сейтайұлы, Омаров Амангелді Жұмаханұлы, Дәулетов Мирамбай Айдынұлы болды.

Жауынгер-интернационалистер Ауғанстандағы оқиғалар, кеңес жауынгерлерінің әскери өмірі, соғыс қиындықтары және жергілікті соғыс ардагерлерінің қазіргі уақытта не істеп жатқаны туралы әңгімеледі.

Аталмыш кешке оқушылар ерекше дайындалып, өз өнерлерін паш етті.

 Біз Ауған соғысының тарихын, тікелей куәгерлердің естеліктері арқылы білуге, олардың жат жерде болып жатқан оқиғаларға және одан кейінгі өмірге көзқарасын білуге ​​бірегей мүмкіндік алдық, — дейді 10-сынып оқушысы Ақжол Болат.

Өскелең ұрпаққа Отанды сүюдің, патриоттық борышын өтеудің не екенін өз үлгісімен көрсете білген Ұлы Отан соғысының ардагерлер қатары азайып барады, орнына Ауған соғыс жауынгерлерінің келүін NIS жатақханасының тәрбиешілері өз сөздерінде атап айтты.

Мұндай кездесулер өскелең ұрпақ үшін өте маңызды. Өйткені, 18-19 жас аралығындағы жас ұлдар, ағалар, әкелер осы соғыста қаза тапты. Бүгінгі кездесу жастардың бойында қазіргі қоғам өмірінде патриоттық сезім, өз елінің өткеніне құрметпен қарау үшін Отан алдындағы борышын адал атқаруға үйретеді, – дейді тәрбиешілер Айгүл Нұрахметова мен Назым Молдахметова.

Патриоттық кездесу Қазақстан Әуе қорғанысы күштерінің Талдықорған қаласындағы авиабазасына экскурсиямен жалғасты.

Пікірлер