"Ресейшіл үкімет басшысы". Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі үш жылға сотталды

4717
Adyrna.kz Telegram
Пәкістанның бұрынғы Үкімет басшысы, саясаткер Имран Хан үш жылға сотталды. Ол сыбайлас жемқорлық ісі бойынша тұтқындалып, үш жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Сот шешімі шыққаннан кейін бұрынғы үкіметтің тізгінін ұстаған Хан Лахордағы үйінде қамауға алынды, деп хабарлады Пәкістанның PTI партиясы.

Сот процесі о баста Имран Ханның 2018 жылдан 2022 жылға дейін премьер-министр болған кезінде мемлекеттік сыйлықтарды заңсыз сатып-cатпағанын анықтау басталған еді. Нәтижесі бойынша,  оған тағылған айып дәлелденген.

 

PTI партиясы сот шешімін жоққа шығарып, Ханның атынан Жоғарғы сотқа шағымданғанын хабарлады.

Бұрынғы премьер-министр барлық құқық бұзушылықтарды бірнеше рет жоққа шығарды.

Орайы келгенде айта кетейік, 70 жастағы Хан өткен жылы Парламенттегі биліктен кетті. Оған "сенімсіз тұлға" деген баға берілді. Содан бері ол Шехбаз Шариф бастаған қазіргі үкіметке қарсы халықтық науқанды басқарды. Жаңа үкімет басшысын айыптап, өзін биліктен кетіргенін, саясаттан тыс ұстау үшін жоғары әскери басшылықпен сөз байласқан айтып, айыптады.

Билікте болған жылдарында Хан Ресеймен тығыз байланыста болды. Ол 23 ақпанда Мәскеуге арнайы сапармен барды. Ресейдің батыс елдерімен қарым-қатынасы қайшыласқан тұста Мәскеуде жүрді. Сонымен бірге оның Ресей астанасына сапарының екінші күні, 24 ақпанда, Ресей әскерлері Украина аумағына басып кіріп, Украина қалаларына оқ жаудырған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер