Бүгін - Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты жоюға арналған халықаралық күрес күні. Министр не деді?

2156
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/modern-and-minimal-company-profile-presentation-2-3-960x500.jpg?token=38b9afe96b413ba3f5801455f6144480

БҰҰ Бас Ассамблеясы 25 қарашаны 1999 жылғы желтоқсанның 17-індегі 54/134 қарарымен «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күрес күні» деп жариялаған болатын және мемлекеттерге, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік емес ұйымдарға бұл күні қоғам назарын осы мәселеге аударуға арналған шаралар өткізуді ұсынды. Осыған байланысты Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева гендерлік зорлық-зомбылықты жою күніне қатысты үндеу жасады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Министрдің айтуынша, күн сайын жүздеген әйел физикалық, психологиялық, экономикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болады.
«Бұл күн біздің заманымыздың күрделі мәселесі болып келген зорлық-зомбылыққа қарсы күресте күш біріктірудің маңыздылығы мен қажеттілігін еске салады. Ажырасу әйелдерге қуғын-сүргіннен құтылуға үнемі көмектесе бермейді. Олардың көпшілігі үнсіз қалады, ұялады немесе не болып жатқанын айтудан қорқады», - деді Мәдениет министрі.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы флешмоб басталған болатын.
Комментарии