"Тәулік бойы, үздіксіз". Павлодарда шұңқырға түсіп кеткендерді іздеу жұмыстары жалғастырылуда

2349
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/b8ab5f2f-eecb-4496-b03a-d52af241ef1b-960x500.jpg?token=227a9268ccb948d2079478f5822ec1f7
Павлодарда шұңқырға түсіп кеткен автобусты іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Жолаушыларды іздеу жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр.

"Майқайың-алтын" АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстарының қарқыны туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов мәлімдеді.
“Кеше опырылған жердің түбіне техниканы түсіру үшін өткел дайындау басталды. Бұл жұмыстарға 3 экскаватор, 2 тиегіш, 2 бульдозер жұмылдырылды. Жұмыстар тәулік бойы, үздіксіз жүргізілуде. 5 мың текше метрге жуық топырақ пен тау жыныстары қазылып, шығарылды”, - деп хабарлады басшы.
Іздеу жұмыстарына барлығы 134 адам, 37 бірлік техника, 3 кинологиялық есеп және 2 бірлік дрон жұмылдырылды. Еске сала кетейік, 4 қаңтар күні сағат 01:25 шамасында Павлодар облысы Баянауыл ауданында, Майқайың кенішінің маңында төрт жолаушысы бар автобус шахта маңындағы шұңқырға құлап кеткен болатын.
Комментарии