Жоғалған қазына. Ұлт ұстазының кесек еңбегінің соңғы беттері табылды

1204
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсын­ұлының кесек еңбегінің кей беттері табылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Egemen.kz-ке сілтеп.

Алаш мұрасын ден қоя зерттеп жүрген азамат Әділет Ахметұлы ғалымдар іздеп жүрген кітаптың толық нұсқасы алыста емес, Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасының Сирек кітаптар қорында екенін тауып, "Егемен Қазақстанға" көлемді мақала жазып, қазақ оқырмандырынан шүйінші сұраған.

1926 жылы Таш­кентте жарық көрген "Әдебиет танытқыш" еңбегі "әдебиет  теориясы" аталып та кеткен.

Қазақтың қаймақты тілі­мен қазыналы дүниетанымына бейім­делген бұл кітаптың соңғы беттері ізім-қайым жоғалған болатын.

А.Байтұрсынұлы музей-үйінің жетекшісі Райхан Имаханбет «Әдебиет танытқыштың» соңғы бірнеше бетінің ұшты-күйлі жоғалғанын, әлі де табылмай келе жатқанын бірнеше рет жазған болатын.

Алайда араға біраз жыл салып ұлт ұстазының жоғалған мұрасы табылғаны айтылды. «Әдебиет таныт­қышының» соңғы беттерінің жыртылмаған нұсқа­сы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітап­ханасының Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорында болып шықты.

Күні бүгінге дейін «Әдебиет танытқыштың» 1926 жылы басылған  нұсқаның үш данасы ғана белгілі екен. Оның бірі – Ұлттық кітап­хананың сирек кітаптар қорындағы 280-беттен аяқталатын нұсқа. Ал екіншісі – Орталық ғылыми кітапхананың Сирек кітаптар қорындағы 282-бет­тен тұратын нұсқасы болса, соңғысы – ға­лым Әди Шәріповтің жеке қорында сақтаған нұсқа.

Пікірлер