«Best Road Investment» қаржы пирамидасының басшылары мен менеджері сотталды

814
Adyrna.kz Telegram

«Best Road Investment» қаржы пирамидасының басшылары мен менеджері сотталды. Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

 Сотта мемлекеттік айыптаушы қаржы пирамидасының екі ұйымдастырушысы мен менеджерінің кінәсін дәлелдеді.

«Қаржы пирамиданың шартына сәйкес, «Shanyrak Plus» бағдарламасы бойынша тұрғын үй алу үшін 103 АҚШ долларын салу керек. Одан кейін артынан екі салымшыны тартып, әрқайсысы өсу тәртібімен тағы екі салымшы шақыруы тиіс болған. компания 2020 жылдың қазанынан бастап 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін «Shanyrak Plus» бағдарламасы бойынша 45 салымшының ешқайсысы қажетті табысын, сондай-ақ тұрғын үй алмаған», - делінген хабарламада.

Прокуратураның мәлімдеуінше, жалпы залал сомасы 107 млн теңгеден астам соманы құрайды.

Сот үкімімен 7 жылға дейін коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшылық қызметтерді атқару құқығынан айыра отырып, ұйымдастырушылардың әрқайсысы 6 жылға, сыбайласы 5 жыл 6 айға  бас бостандығынан айыру жазасына сотталды. Келтірілген шығын сотталғандардан өндірілді.

Пікірлер