Тоқаев Ресейдегі терактіге байланысты Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізді

820
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдегі терактіге байланысты Қауіпсіздік кеңесінің жедел отырысын өткізді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысы өтті. Мемлекет басшысы бейбіт тұрғындарға қатысты Мәскеу облысында болған зорлық-зомбылық әрекетті тағы да айыптай отырып, терроризмге қарсы күресте Қазақстанның Ресеймен бірге екенін растады», - делінген сенбіде жарияланған хабарламада.

Жиын барысында құқық қорғау құрылымдары мен жергілікті атқарушы органдардың жұмыс жоспары, сондай-ақ экстремалды жағдайлардағы олардың қызметін үйлестіру мәселелері қарастырылды.

“Президент ел азаматтарының қауіпсіздігін және терроризмге қарсы күрес мақсатында Қазақстанның басқа мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ықпалдастығын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тапсырма берді” деп толықтырды Ақорда.

 

Пікірлер