"Жау нысанына соққы". Татарстан аумағына дрондар шабуыл жасады

1547
Adyrna.kz Telegram
Фото: mash
Фото: mash

Бүгін Татарстан аумағына алғаш рет шабуыл жасалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Mash телеграмм арнасына сілтеп.

Татарстан басшысы Рустам Минниханов Telegram-каналында хабарланғандай, Алабұғада зардап шеккендер бар.

Украина Қауіпсіздік Комитетінің Бас басқармасы Татарстанның «Алабұға» деп аталатын арнайы экономикалық аймағына камикадзе дрондар арқылы соққы жасады. Әлеуметтік желіде тараған видеода шабуылға жарылыс қуаты күшті дрондар қолданылғанын көруге болады.

Украина тарапы шабуыл Татарстанның «Алабұғасында» орналасқан «Shahed» дрондарын құрастыратын зауытқа жасалғанын айтады.

Ал Ресей тарабының мәліметінше, бүгінгі соққыдан жеті адам зардап шеккен, олардың үшеуі ауруханаға жатқызылған.

"Соққы «Алабұғамен» қатар «Нижекамскі» технологиялық өндірісіне де жасалған", - делінген бейресми деректерде.

Татарстанға шабуыл жасаған дрондардың қайда жасалғаны айтылмаған.

Соққы жасалған нысан Украина шекарасынан 1000 шақырым қашықтықта орналасқанын айтады. «Washington Post-қа» берген сұхбатында Украина президенті Зеленский:

«Біз өзімізде бар дрондарды қолданып жатырмыз. Және ешкімнің бізге нені соққылауға болады, нені болмайды деп нұсқауға қақысы жоқ. Біз жаудың кез келген нысанына соққы беруге қақылымыз», - деп сөйлеген болатын.

Телеграмм арнаның мәліметінше,  таңғы алтылар шамасында қалаға жақын орналасқан Алабұға арнайы экономикалық аймағында болған жарылыс зауыт пен жатақханаға сезілген. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер бар.

Пікірлер