Айыпталушы Байжанов туысы Бишімбаевтың үстінен шағымданды

2266
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/izobrazhenie_2024-04-03_194314449.png
Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша екінші айыпталушы Бақытжан Байжанов Бишімбаевтың оған қысым көрсетіп жатқанын айтты, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Сот отырысында Байжановтың адвокаты соттан «сотталушы Бишімбаев пен сотталушы Байжановтың бөлек отырғызуын» сұрады. "Бишімбаевтың Байжановпен байланысу мүмкіндігі болмауы үшін осылай жасау керек болады. Бұл - Байжановтың қалауы. Байжанов оған қысым жасалып жатқанын айтты", - деді адвокат сотта. Сотталушы Байжанов қорғаушысының сөзін растады. «Ол (Бишімбаев – журналист) маған: «Мынаны айт, мынаны айт» деп жан-жақты қысым көрсетуде. Айғаққа қатысты айтып жатыр», - деді ол судьяға. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Бишімбаев сот отырысында Нүкенованы өлер алдында қалай соққыға жыққаны жайлы өз нұсқасын айтып берген болатын. Сондай-ақ, оның адвокаттары сотта жалған дерек көрсеткені үшін судьядан ескерту алды.
Комментарии