Қақтығыс: Өзбекстан Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты алаңдаушылық білдірді

603
Adyrna.kz Telegram
Сурет: www.istockphoto.com
Сурет: www.istockphoto.com

Өзбекстан Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеп.

Иран мен Израиль арасындағы жағдайдың шиеленісуі көптеген елді алаңдатты.

«Өзбек тарапы барлық тараптарды ұстамдылық танытуға, одан әрі әскери іс-қимылдардан бас тартуға, сондай-ақ қақтығысты саяси реттеу үшін тез арада барлық мүмкін шараларды қабылдауға шақырады. Бұл аймақтағы шиеленістің артуы аса ауыр зардаптарға және ірі әскери қақтығыстарға әкелуі мүмкін деп санаймыз», - делінген Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде.

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне қатысты ҚР Сыртқы істер министрлігі де мәлімдеме жасаған. Қазақстан тараптар арасындағы келіспеушілікті тек саяси-дипломатиялық жолмен шешуге үндеген еді.

Пікірлер