Қазақстандықтарға берілетін 10 соттық тегін жер енді тек инфрақұрылым жүргізілген телімдерден ғана беріледі, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеп.
Ақпаратқа сәйкес, су мен жарық тартылмаған учаскеге үй салуға рұқсат жоқ.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, бұрыннан кезекте тұрған азаматтарға қайтадан өтініш берудің қажеті жоқ, олардың кезегі сақталады. Тізім жергілікті атқарушы органның автоматтандырылған жұмыс орнында, есепке қойылуына қарай қалыптастырылады.
Ережеге сәйкес жер телімі өтініш арнайы есепке қойылғаннан кейін ғана беріледі.

Бұрын мұндай талап болмаған. Сол себепті ел азаматтары өзі қалаған аймақтан жер алуға өтініш берген және ондай адамдардың саны 4 миллионнан асады. Енді өтініш берілген аймақта инфрақұрылым желісі жүргізілмесе, кезек жылжи береді.