Қазақ өнерінің абыз ақсақалы

1624
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/img_8986-960x500.png?token=035085169aefd4d29236414ce2a35659

Бүгін қазақтың белгілі кино және театр актері, режиссер Асанәлі Әшімов 88 жасқа толды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Әйгілі актер 1937 жылы Жамбыл облысында туған. Ол 1961 жылы Алматы консерваториясын бітіріп, "Қазақфильм" киностудиясына орналасқан. 1964 жылы Қазақ академиялық драма театрына шақырылған. 1987-1988 жылдары осы театрдың көркемдік жағын басқарған. Театрда С. Қожамқұлов, С. Майқанова, Ш. Айманов, Х. Бөкеева, К. Қармысов сынды өнер тарландарының шеберлік мектебінен тәлім алған.

Театрдағы тұңғыш рөлі М. Әуезов пен Л. Соболевтің "Абай" спектакліндегі — Айдар рөлі.  Әшімов режиссер ретінде де танылды. Ол театрда Н. Гогольдің "Ревизор", Ғ. Мүсіреповтың "Амангелді", И. Оразбаевтің "Мен ішпеген у бар ма?!",  С. Ванустың "Сұлтан болсам егер мен", Ж. Аймауытовтың "Ақбілек" спектакльдерін сахналады, "Жылан жылы", "Шоқан Уәлиханов", "Қозы Көрпеш—Баян сұлу" (1995) фильмдерін түсірді. 

Өнер иесі «Отан» орденімен, М.В.Ломоносов атындағы, «Алтын қыран» ордендерімен марапатталған. КСРО және ҚР Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Комментарии