Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Жеңіс мерекесіне орай Даңқ залында соғыс ардагерлерін құттықтады. Аймақ басшысы қарт майдангерлерге құрмет көрсетіп, Мемлекет басшысының арнайы Құттықтау хатын оқып берді. Иван Макеев 1927 жылы дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін Забайкалье майданында ерекше мақсаттағы радиодивизионның барлаушысы қызметін атқарды. Харбин, Мукден, Чань-Чюнь қалаларын азат ету шайқастарына қатысты. Ішкі істер саласында жауапты қызметтерді абыроймен атқарған. Отан соғысы орденімен, бірқатар мерекелік медальдарімен марапатталған. Григорий Нещеретнев 1921 жылы 22 қарашада Луговой ауданының Каменка аулында дүниеге келген. 1941 жылы әскерге алынып, майданда аға сержант, бөлімше командирі, батерея старшинасы болып шайқасқан. Ленинград қоршауын бұзуға, Новогород қаласын азат етуге қатысып, Псковқа дейін жеткен. Волхов майданында 501-ші миномет полкі құрамында шайқасқан. Ұрыста ауыр жараланып, емделгенен кейін әскер қатарынан босатылған. Соғыстан кейін 2-ші
