ҚР Мәжіліс депутаттары өздерінің тектерін қазақшалап, -ов, -ев жалғауларынан бас тарта бастады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл бастаманың алғашқы лектінде танымал ақын, депутат Ринат Заитов өз тегін "Заит" деп өзгертіп, қоғамның назарын аударған болатын. Енді бұл бастаманы тағы бір депутат – Мақсат Толықбаев жалғастырып, тегі "Толықбай" болып өзгертілді.
Аталған үрдісті қоғам белсендісі, саясаттанушы, депутат Самат Нұртаза өз парақшасында қолдап жазды.
"Өткен айда әріптесім Ринат Заитов фамилиясын өзгертіп “Заит” болып еді, енді бүгін Мақсат Толықбаев әріптесім “Толықбай” болды. Құтты болсын, Замандастар! Өте жақсы үрдіс!" - деді ол.Айта кетейік, Қазақстанда тегін ұлттық үлгіде жазуға заң жүзінде рұқсат берілген. Бұл үдеріс ерікті түрде жүргізіледі.