Әкімдік жауап берді. Бірақ Назарбаевтар қорымындағы "басқаның" кім екенін айтпады

1301
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/image-34-960x500.jpg?token=29eed1ba4a045839563ba58d28ff7a14

Желіде Назарбаевтар әулетінің  қорымында жаңадан пайда болған бейітке қатысты сұраққа жергілікті әкімдік жауап берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұған дейін жаңа бейітте Сара Назарбаева жерленген болуы мүмкін деген ақпарат тараған еді. 

Әкімдіктің мәлімдеуінше, Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің қорымына 2024 жылдың желтоқсан айында қайтыс болған "басқа адам" жерленген. Бірақ әкімдік "басқа адам" кім екенін айтпаған.

"Жерлеу діни ғұрыптар мен дәстүрлерге сәйкес жүргізілді. Қазіргі уақытта қабірде жазу мен көрсеткіш тақта орнатылмаған, алайда марқұмның туыстарының айтуынша, тақта жақын арада қойылады", – делінген әкімдік жауабында.

Сонымен қатар, президент іс басқармасы медициналық орталығының Ұлттық госпиталі Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін тағы да растады. Олардың айтуынша қазіргі таңда ол Ұлттық госпитальде ем қабылдап жатыр.

Аталған госпитальда науқастың диагнозы мен денсаулығы жайлы мәліметтер дәрігерлік құпияға жататыны ескертілді.

"Мәлімет таратпау туралы шешім пациенттің жеке өміріне құрметпен қарау, емдеу процесіне кедергі келтірмеу және оның заңды құқығын сақтау мақсатында қабылданды", – деп нақтылады Ұлттық госпиталь өкілдері.

Еске сала кетейік, 14 мамыр күні Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны айтылған еді.  Алайда бұл ақпаратты Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай ресми түрде жоққа шығарды.

Комментарии