Египет әуежайында қаза тапқан әйелдің туыстары мәйітті елге жеткізу үшін көмек сұрады

860
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/image-36-960x500.jpg?token=73e0667d2ba658c675c4a0ab6e322e78

17 мамыр күні Египетте Шарм-эль-Шейх қаласының халықаралық әуежайында жарнама тақтасы құлап қаза тапқан Ақмарал Мұқанованың жақындары оның денесін Қазақстанға жеткізу үшін көмек сұрап отыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Марқұм Ақмарал Мұқанова Ақтөбе облысы полиция департаментінде 20 жылдан астам уақыт қызмет еткен. Зейнетке подполковник шенінде шыққан. Қызмет барысында кадр бөлімінде жұмыс істеп, көптеген жас қызметкердің құқық қорғау органдарына қабылдануына атсалысқан. Әріптестері оны кәсіби, әділ әрі мейірімді адам ретінде сипаттайды.

Ақмаралдың жақындары оның денесін Қазақстанға жеткізу үшін мемлекеттік органдардан және тиісті мекемелерден көмек сұрайды. Қазіргі уақытта марқұмның жалғыз ұлы Берік Египетте қалып отыр. Жас жігіт анасының қазасынан есеңгіреп қалған, оның жағдайына алаңдаушылық бар. Египет тарапы мәйітті 4-5 күннен кейін ғана беретінін хабарлаған. Қайғылы оқиғаға байланысты тергеу амалдарын жергілікті полиция жүргізіп жатыр.

ҚР Сыртқы істер министрлігі марқұмның туыстарымен байланыс орнатқанын, консул тарапынан тиісті көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.

Қаза тапқан азаматтың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз.

Комментарии