Қазақстанға +70, +76, +77 кодтары тиесілі болады

1125
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/05/photo-output-3-960x500.jpeg?token=c7620c53cd1faa06aa8c8ded4c36c67a
Қазақстанға бірнеше кодтар тиесілі болмақ, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі +7 халықаралық телефон коды аясындағы нөмірлеуді Қазақстан мен Ресей арасында бөлуге қатысты қаулы жобасын қоғамдық талқылауға шығарды. “Шынымен де дүниежүзілік нөмірлеудің 7-ші аймағын бірлесіп (Ресеймен бірге) пайдаланып жатырмыз. Алайда осы жетілік аясында бізде қосымша нөмірлеу бар және ол тек Қазақстанға тиесілі. Бұл тұрғыда «+77», «+76» бар, сондай-ақ қосымша «+70» бойынша келісімге келеміз. Бұл нөмірлеу тек Қазақстанға қатысты болады”, — деді министр Жаслан Мәдиев. Құжатта көрсетілгендей, Қазақстан Республикасы +7 код аймағында +70, +76 және +77 код ауқымдарын пайдаланады. Ал Ресей Федерациясына +72, +73, +74, +75 және +79 кодтары тиесілі. Айта кетейік, былтыр күзде министр Жаслан Мәдиев Қазақстанның неліктен Ресеймен бірге +7 кодын пайдаланып отырғанын түсіндірген.
Комментарии